Елде несие көлемі артып, банк алдындағы берешегін төлемей жүргендер көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде несие көлемі артып, банк алдындағы берешегін төлемей жүргендер көбейген

29.06.2023

Елде несие көлемі артып, банк алдындағы берешегін төлемей жүргендер көбейген. Ұлттық банктің мәліметінше, қазір жеке азаматтардың қарызы 8 трлн 200 млрд теңгеге жеткен. Былтырдан бері алты жарым пайыз, яғни 500 миллиардқа көбейіп отыр. Тұтынушылық несие алушылардың көбі алматылықтар. Одан кейін Астана мен Шымкент тұрғындары. Қарызын 90 күннен кешіктіріп төлемей жүргендер де көбейген. Мерзімі өткен мұндай несие көлемі жыл басынан бері 49 миллиардқа артып, 404 млрд теңгеге жетті.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу