Қуыршақ театрларының ІҮ халықаралық фестивалі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуыршақ театрларының ІҮ халықаралық фестивалі ашылды

25.11.2015
Қуыршақ театрларының  ІҮ  халықаралық фестивалі ашылды
Қуыршақ театрларының  ІҮ  халықаралық фестивалі ашылды


Қостанайда қуыршақ театрларының «Ортеке» атты төртінші халықаралық фестивалі ашылды. Оған Қазақстан, Қырғызтан, Тәжікстан, Белорусия және Ресей елдерінің театр ұжымдары келген. Мәдени шара кәсіби қуыршақ өнері саласындағы халықаралық әріптестікті дамытуды көздейді. Кішкентай көрермендерге арналған театр мерекесі Қостанай облыстық қуыршақ театрының «Айлакер түлкі» қойылымымен ашылды. Бұл туралы Қазақ радиосының тілшісі Нұрқанат Құлабаев хабарлады.

Фестивальға шетелдік театрлардан бөлек, Астана, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының қуыршақ театрлары да қатысады. Шара барысында актерлар тәжірибе алмасып, шеберлік шыңдайды. Театр ұжымдары бір-бірінің репертуарымен танысады. Сондықтан бұл фестивалдің балалар театры саласындағы қуыршақ қойылымдарының түрленіп, жаңаруына ықпалы мол.

«Біз өзіміздің репертуарымыздағы ең үздік спектакльдердің бірі «Дала желі не дейді?» деп аталатын қойылымды әкелдік. Авторы Надежда Насырова. Халық ертегілері желісімен жазылған. Бұл спектакльді бұрын да бірқатар байқауларда қойдық. Көрермен мен әріптестердің оң бағасын да алдық» - дейді Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының басшысы Фарида Момбекқызы.

Халықаралық қуыршақ театрлары мерекесі 3 күнге созылады. Бүгін қостанайлық балғындар Тәжікстан мемлекеттік қуыршақ театрының «Тентек ханшайым» қойылымын тамашалайды. Фестиваль 27 қараша күні Астана қуыршақ театрының репертуарындағы Сәкен Жүнісовтың «Атамекен» туындысымен аяқталады.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу