Қостанай облысында бруцеллез жұқтырғандар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында бруцеллез жұқтырғандар көбейді

30.06.2023

Қостанай облысында бруцеллез жұқтырғандар көбейді. Алты ай ішінде 21 адамнан осы індеттің таяқшасы табылған. Олардың төртеуі бала. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5 пайызға көп. Ал республикалық орташа көрсеткіштен 2 есе жоғары. Бруцеллез дерті ішкі органдарды зақымдап, асқынған жағдайда кемтарлыққа соқтыруы мүмкін. Індет адамға ауру малдың етін, сүтін тұтынғанда жұғады.

Гүлім Досымова, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Барлық жағдайда ауырған адамдар індетті өздерінің үйіндегі жануарлардан жұқтырған. Әзірге олардың арасында дерті асқынғандар жоқ. Тиісті емшараларды қабылдап жатыр. 


Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу