Шымкентте бес тәулік ішінде мыңға жуық мотоцикл мен мопед жүргізушісі жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте бес тәулік ішінде мыңға жуық мотоцикл мен мопед жүргізушісі жауапқа тартылды

30.06.2023

Шымкентте бес тәулік ішінде мыңға жуық мотоцикл мен мопед жүргізушісі жауапқа тартылды. Жол ережесін бұзған 32 техника айып тұрағына қойылды. Арнайы рейд барысында мотокөлік мінгендердің дені бағдаршамды елең қылмайтыны, қарсы жолақпен немесе аяқ жолмен жүйіткіп жүретіні анықталған. Жылдамдықты асырып, жүргізушілердің арнайы бас киімсіз жүретін кездері де көп. Автокөліктерді басып озғанда ойларына келгенді істейді. Рейд барысында мотокөлік жүргізушілеріне профилактикалық түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу