Алматыда жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтар бойынша қылмыстық істерді тергеу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтар бойынша қылмыстық істерді тергеу жүріп жатыр

01.07.2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматының жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтар бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр. 500-ге жуық учаскенің құжаты тексерілді. Жер бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерге 7,5 млрд теңге артық төленген. Пайда табу үшін жер телімінің мақсатын негізсіз өзгерткен деректер де бар. Жер сату жұмыстары кезінде 45 млн теңге пара алған шенеунік қамауға алынған.

Хабарламаларға жазылу