Франциядағы ірі қалаларда тұтқындалған адамдар саны артып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франциядағы ірі қалаларда тұтқындалған адамдар саны артып барады

01.07.2023

Франциядағы ірі қалаларда төртінші күн қатарынан шеру өтіп жатыр.Жаппай қақтығыс кезінде ұсталғандар саны 1300-ден асты. Ел аумағында тәртіпті бақылау үшін 45 мыңдай полицей жұмылдырылған. Сонымен бірге көшелерге бронды техника шығарылды. Шерушілер көліктерге өрт қойып, дүкендерді тонап жатыр. Сейсенбіде 17 жастағы азамат полицияның атқан оғынан қаза тапқан соң елде наразылық басталған еді. Жеңіл көлігімен келе жатқан жасөспірімді жол ережесін бұзғаны үшін тәртіп сақшылары тоқтатқан. Кейін оны ережеге бағынбады деп атып тастаған. Оқ атқан полицейге қасақана адам өлтірді деген айып тағылды. 


Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу