Ақтауда сұйытылған газ қымбаттады. Бұрын литрі 50 теңгеден сатылған көгілдір отын қазір 54 теңгеге саудалануда. Ал шалғайдағы аудандарда 59 теңге. Газдың қымбаттауына көтерме бағаның өсуі себеп болған. Жыл соңына дейін осы баға сақталады. Аймақта 130-дан астам газ бұю бекеті бар. Газға сұраныс айына- 18 мың тоннаны құрайды. Энергетика басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде газ тапшылығы жоқ. Жағдай тұрақты.
Аягөз Оралбайқызы