Шетелден әкелген көлігін тіркеуге қоя алмағандарға жаңа мүмкіндік берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелден әкелген көлігін тіркеуге қоя алмағандарға жаңа мүмкіндік берілді

03.07.2023

Шетелден әкелген көлігін тіркеуге қоя алмағандарға жаңа мүмкіндік берілді. КСМ: Енді бұл жандар темір тұлпарларын уақытша тіркей апады. Бірақ мүмкіндік тек шет елден алған көлігін сол елдің тіркеуінен шығарып үлгермегендерге ғана беріледі. Ескеретін жайт, арнайы шектеулер бар. Мысалы, олар көлігін уақытша тіркеуге қойғаннан кейін машиананы 5 жыл бойы шекарадан шығара алмайды.

Арай Төлегенқызы, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

Басқа елде тіркеуде тұр немесе басқа елде тіркеуде тұра оларда шектеулер бар сондай азаматтарға қазір мемлекет тарапынан мүмкіндік беріліп жатыр.  Бірінші шілдеден бастап ондай азаматтар арыздарын аумақтық полиция департаментіне жазып, бұндай автокөліктерді біз шамамен 10 шілдеден кейін тіркеуді бастаймыз.


Хабарламаларға жазылу