Атырау облысында электр энергиясын беру толық қалпына келтірілді. Жұмысын авариялық жағдайда тоқтатуға мәжбүр болған мұнай өңдеу зауыты қазір технологиялық қондырғыларын кезең-кезеңімен іске қосып жатыр. Кәсіпорында баптаулар мен тексерулер кестеге сай жүргізіледі.
Айта кетейік, кеше Маңғыстау атом энегетикалық комбинатының нөмірі бірінші энергия блогында апат болып, Атырау өңірі тұтастай жарықсыз қалған еді.