Үкіметте жаңа электрондық платформалар талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте жаңа электрондық платформалар талқыланды

04.07.2023

Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі 1 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдеп, фермерлер үшін мемлекеттік демеуқаржыны тегін бөлуді қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы Үкімет басшысының төрағалығымен өткен Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды.

Ашықтықты қамтамасыз ету үшін онлайн кезек жасалған. Сонымен қатар платформада арзандатылған дизель отынын алуға өтініштер қабылданады. Жалпы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ақпараттық жүйеге 50 мыңнан астам адам тіркеліп, 88 мыңнан астам өтініш түскен. Фермерлерге 112 млрд теңгеден астам қаражат төленді.

Отырыста Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкін құру мәселесі де қаралды. Платформаны 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға беру жоспарланған. Әлихан Смайылов жүйені әзірлеу кезінде заңсыз полигондарға қарсы күресті күшейтуге ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.


Хабарламаларға жазылу