Ақтауда 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді

04.07.2023

Ақтауда 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Оны кейбір тұрғындар сезіп, әлеуметтік желілерде жазып жатыр. Айтуларынша, түнгі сағат 1 де пәтерлерде люстралар қозғалып, ыдыс-аяқ сылдырлаған. Үрейленген тұрғындар түн жарымында далаға шыққан. Жаңаөзендіктер де жер сілкінгенін байқаған. Бірақ, екі қалада да зардап шеккендер жоқ.

Жер сілкінісін «Алматы» сейсмикалық станциясы тіркеді. Мамандардың хабарлауынша магнитудасы 5,8 болатын жер асты дүмпуі Каспий теңізінің аумағында болған.


 Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу