Елордада «Астана – болашақ қаласы» атты бауырлас қалалар әкімдерінің форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Астана – болашақ қаласы» атты бауырлас қалалар әкімдерінің форумы басталды

04.07.2023

«Астана – болашақ қаласы» осындай атаумен бас шаһарда бауырлас қалалар әкімдерінің форумы басталды. Елорданың 25 жылдығына орайластырылған шара аясында панельдік сессиясы өтті. Іс-шара халықаралық қатынастарды дамытуға, бірлескен экономикалық, әлеуметтік-мәдени жобаларды іске асыруға бағытталған. Жиынға қатысушылар түрлі тақырыпта кездесулер өткізіп, "Болашақ" бағдарламасының түлектері бас қаланы көркейтуге қатысты идеяларын ұсынды. Сондай-ақ, бас қосуда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» мен «IDP IELTS Kazakhstan» емтихан орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Олжас Сәкенов, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы:

Геосаяси жағдайға байланысты Қазақстан - білім беру жағынан үлкен хаббқа айналуға үлкен мүмкіндік бар. Олар: шетелдік әйгілі жоғары оқу орындарының филиал, академиялық мүмкіндіктерпді беру, үкіметаралық гранттар бөлу және стипендяимен алмасу.

Нұрмұхаммед Досыбаев, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі:

Елордамыз әріқарай көркею үшін білімне көңіл бөлген жөн. Мықты жердерде, шетелге оңайлықпен шығып кететіндер олар мамандандырылған мектептің оқушылары екен.Орта мектептерде 17 пәнді оқыса, олар аз пән оқиды. Көбірек фокуспен оқиды. Соған байлансты, менің басты идеям - біздің шәкірттерімізді әлемдік деңгейде көру үшін осы мамандандырылған жүйені қолға алуымыз керек, соны қолға алуымыз керек.


Хабарламаларға жазылу