Үшінші шілде әлемдегі ең ыстық күн ретінде тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үшінші шілде әлемдегі ең ыстық күн ретінде тіркелді

05.07.2023

Үшінші шілде әлемдегі ең ыстық күн ретінде тіркелді. Мұны АҚШ-тың Қоршаған ортаны болжау жөніндегі ұлттық орталығы хабарлап отыр. Орталықтың дерегінше, екі күн бұрын жаһандық орташа температура 17,1 градусқа дейін көтерілген. Осылайша, 2016 жылғы рекорд жаңартылып отыр. Ал Қытайдан көптен бері сынап бағанасы 35 градустан түспей тұрса, Үндістанда 50 градус ыстықтан жүздеген адам ауруханаға түсті. Сонымен қатар, қазір тіпті Антарктиданың өзінде күннің жылынғаны байқалып отыр.


Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу