Елімізде осы айдан бастап электр жарығы 30 процентке дейін қымбаттайды. Әрі су тарифі де біртіндеп көтерілмек. Ұлттық экономика мен энергетика министрліктерінің хабарлауынша бұған бірнеше фактор әсер етіп отыр. Яғни тарифті қымбаттату арқылы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру көзделген. Әрі жылу электр станцияларын жаңғыртудан өткізіп, құбырларды жаңарту жоспарланып отыр. Қазір олардың 80 пайызының тозығы жеткен.
Досжан Маратұлы