Еліміз Транискаспий дәлізі арқылы Еуропаға мұнай экспортының көлемін 17 есе арттырды. Негізі қара алтын бұрын тек Ресей арқылы тасымалданатын еді. Десе де геосаяси жағдайға байланысты президент балама жол ретінде Транскаспий дәлізін пайдалануды тапсырған еді. Сөйтіп Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры алқылы бірінші тоқсанда 19 мың тонна мұнай экспортталған еді. Екінші тоқсанда бұл көрсеткіш 17 есе артып, 350 мың тоннаға жетті. Енді осы құбыр алқылы жылына 1,5 млн тонна мұнай тасымалдау көзде.
Досжан Маратұлы