Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауына дауыс беру аяқталды. Елдің Орталық сайлау комиссиясы оның қорытындысын бүгін жариялайды.
Өзбекстанның Еуропа мен АҚШ-тағы сайлау учаскелерінде дауыс беру әлі жүріп жатыр. Кешегі мәліметтерге сай, сайлаушылардың 33 пайыздан астамы саяси науқанға қатысқан. Өзбекстанда президент сайлауы кеше, шілденің 9-ы күні өтті. Мемлекет басшысы лауазымына 4 үміткер бақ сынасып жатыр. Олар: қазіргі президент Шавкат Мирзиёев, экологиялық партия атынан Абдушукур Хамзаев, сенатор Робахон Махмудова, Халықтық-демократиялық партия атынан шыққан Улугбек Иноятов.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өзбекстанда президент сайлауының нәтижесі бүгін белгілі болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/178673/)