Үндістанның солтүстігінде алапат тасқын жүріп, көшелер өзенге айналды. Дера Басси өңірінде құтқарушылар су басқан ауылдан 80 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Толассыз жаңбыр соың лай көшкініне ұласып, жолдар жабылған. Бұл елде жаңбырлы маусым басталды. Нөсер жауын суына толған өзендер арнасынан тасып жатыр. Үндістанда жаңбырлы маусым қыркүйек айына дейін жалғасады.
Арай Төлегенқызы