Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жаңа әскери-тарихи музейіне Ұлы Отан соғысы батырлары мен ардагерлерінің ұрпақтары қолдарындағы жәдігерлерін бере бастады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
[center][/center]
Негізі жаңа музейге соғыс ардагерлерінен, батырлардан қалған жәдігерлерді тапсыру туралы өтінішті олардың ұрпақтарына Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері айтса керек. Нәтижесінде, көптеген құжаттар музейге тапсырылып жатыр. Мәселен, әйгілі генерал, Кеңес одағының батыры Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова музейге атасының жеке кітапханасында сақталған,1936 жылы шыққан кітапты, генералдың партиялық билетінің қабын тапсырған. Бұл билеттің қабын 1941 жылы Панфилов қаза тапқанда комиссар Логвиненко генералдың жүргізушісіне беріпті. Сонымен бірге, Алуа Байқадамова жаңа музейге екі жауынгерге Кеңес одағының батыры атағын беру туралы грамотаның түпнұсқасын, Бауыржан Момышұлының өз қолтаңбасы бар фотосын, 301, 310 және 312 дивизиялардың әскери бөлімдерінің туларын, Шымкентте жасақталған 768 авиация полкінің жауынгерлік туын жаңа музейге тапсырды.
Қазір музей экспонаттары толығып келеді. Музейге Кеңес одағының батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың отбасы да бірқатар жәдігерлер тапсырды. Олардың арасныда генералдың әскери киімдері, көне фотолары, погондары, сыйлыққа берілген қылыштары бар. Сондай-ақ, КСРО халық әртісі Роза Бағланова тұтынған біраз зат музейге тапсырылған. Осылайша, әншінің майданда ән салған кездерінен қалған естеліктер де жаңа музейде сақталатын болады.

Kaznews.kaztrk.kz