Алматыда «Алтын орда» базарының маңайындағы дау-дамай басылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Алтын орда» базарының маңайындағы дау-дамай басылмай тұр

10.07.2023

Алматыдағы «Алтын орда» базарының маңайындағы дау-дамай басылар емес. Қазір ауқымды сауда кешені үшін талас жүріп жатыр. Саудагерлерден де маза кеткен. Ал құзырлы органдар әзірге тиісті шара қолданбай отырған көрінеді. Оның себебі не? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес анықтап көрді.

Күні кеше атушылы «Алтын орда» базарына бір топ адам келіп, күзетшілерге күш көрсеткен.

Ермек Омаров, «Алтын орда» базарының атқарушы директоры:

Жаңа әкімшілік, бухгалтерия, өзіміздің Данияр Әлпиев отыратын ғимарат, кадрлар бөлімі отыратын екі қабатты ғимаратты басып алады. Міне, Қарасай ауданының ішкі істер бөліміне осы мәлімет жайлы арыз жазсақ, құрамында заңсыздық жоқ деп бізге жазып беріп отыр. Заңсыздық, міне, осы.

Саударгерлерден де маза кеткен. Олар қыруар қаражатқа алынған тауарына және нәпақа тауып отырған орнынан айырылып қаламыз ба деп алаңдайды.

Алтын Орда базарында екі құрылтайшы бар. Бірі 20 пайыз акцияға ие - Данияр Әлпиев болса, екіншісі - «Компания номер один» серіктестігі. «Алтын орданың» иесіміз деген жеке компания өкілдері қазір базарды басқарып отырған адамдардың кетуін талап еткен, бірақ ешкім бізді тыңдамады сондықтан күзетшілер өз жұмысына кірісті дейді. Олардың мақсаты ауқымды сауда кешеніне басшылық етіп отырғандар мен қарауыл қызметін жаңарту екен. Бұл мәселеден құзырлы органдар да хабардар.

Мейрам Әбікеев, Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары:

Бұрынғы шарттың бұзылуына қарамастан жаңа қызметкерлердің жұмысына алдыңғы қызметкерлер кедергі жасаған. Осы дерек негізінде ҚК 389 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта аталған оқиғаны шешу үшін деректі толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге арналған барлық тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Яғни, құзырлы органдар жаңа келген күзет қызметі әкімшілік ғимараттарды күшпен басып алмағанын айтып отыр. Оларға бұрынғы қарауыл қызметі кедергі келтірген соң арада кикілжің туғанын жеткізді.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу