Батыс Қазақстан облысында орман өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында орман өртеніп жатыр

10.07.2023

Батыс Қазақстан облысында орман өртеніп жатыр. Орал қаласы мен өңірдің бес ауданында орманмен қоса, даладағы құрғақ шөп те жанған. Бір ғана Теректі ауданында дала өрті 4 ауылға жақындады. Әйтиев ауылында адамдар эвакуацияланды. Оқиға орнынан әріптесім Ардақ Мұратқызы тікелей байланысқа шығуға әзір тұр. 

Ардақ Мұратқызы, тілші:

Қазір Әйтиев ауылында өрт сөндірілді. Түстен кейін ауыл шетіндегі екі қоражай өртенген. Мына тұрған жылыжай мен тағы да бірнеше қоражайға қауіп төнген. Бірақ құтқарушылар мен ауыл адамдарының көмегімен жалын бұл жерге жетпей сөндірілді. Ауылда 250 тұрғын бар. Солардың 44-і уақытша үйлерінен шақырылған, олардың 16-сы бала. Бұдан басқа осы ауданның Новопавловка, Жаңаөмір, Социализм ауылдарына да орман-тоғай мен далада құрғақ шөп өртеніп жатыр. Мал-жан аман.

Ернұр Өтегенов, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

44 адам үйлерінен шығарылып, ешқандай елді мекенге апарылған жоқ, бірақ қатты түтін әсерін және өрттің 300 м жерге жетуін ескере отырып, біз сол үйлерден басқа үйлерге шығардық. Бірақ қазір таңда халық өз үйлеріне жетті.

Теректі ауданымен қоса, дала және орман өрті Орал қаласы, Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Казталов аудандарында да болып жатыр. Қазір күш құрылымдары оқиға орнында күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қатты желдің кесірінен ағаштар құлап, қалада 800 жеке үйде және бірнеше шағынауданда жарық өшті. Қазір электр қуаты біртіндеп қалпына келтірілуде.



Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу