Түркістан облысында жұмысшы құсты үркітемін деп баланы атып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында жұмысшы құсты үркітемін деп баланы атып алды

10.07.2023

Егінді құстардан қорғаймын деп жасөспірімді атып өлтірді. Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы жүзім алқабында жалдамалы жұмысшының атқан оғы байқаусызда алаңсыз жүрген баланың басына тиген. Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы шұғыл жиналды. Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынып, сараптамаға жіберілді. Абайсызда адам өлтірген азамат қазір Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімінің абақтысында отыр.

Гүлнар Абдужаппарова, Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы:

Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны. Аталған факітіге байланысты ҚР қылмыстық кодексінің абайсызды адамды қазаға ұшырату бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бабтың санкциясы 3 жылға дейінгі бас бостандығын шектеу немесе сол мерзіміге айыру көзделген. 


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу