Солтүстік Қазақстанда зиянкестерге қарсы шаралар қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда зиянкестерге қарсы шаралар қолға алынды

10.07.2023

Солтүстік Қазақстанның Қостанай облысымен шекаралас аумақтарында зиянкестерге қарсы шаралар қолға алынды. Мәселен, Ғабит Мүсірепов ауданында 61 мың гектар алқапты өңдеу жоспарланған. Қажетті мөлшерде препарат сатып алынды. Көрші өңірде зиянкестердің көбеюіне байланысты фитосаниятариялық бақылау да күшейтілді. Арнайы сараптама кезінде шегірткелер табылған жоқ. Мамандардың айтуынша облыста жағдай тұрақты.

Байкенже Құрманов, серіктестік директоры:

Біз көршілес облыс шаруаларымен үнемі бойланыстамыз. Ондағы жағдайды күнде біліп отырамыз. Шегірткенің бағытын бақылау маңызды. 2005-2006 жылдары бізде де осындай проблема болды. Тәжірие бар. 


Эльмира Кәленова 

Хабарламаларға жазылу