Түркістан облысында «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында еліміздің бес өңірінен 26 мың кітап жиналды. Көркем шығармалардың біраз бөлігі ауыл-аймақтарҒА балалар кітапханасының қорын толықтыруға берілмек. Оған Президенттің Түркістан қаласында өткен екінші құрылтайда әдеби шығармалардың балаларға қолжетімді болуы жайындағы көтерген мәселесі түрткі болды.
Ғани Қалмаханов