Түркістан облысында кене шаққан бала қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында кене шаққан бала қайтыс болды

11.07.2023

Түркістан облысының Сауран ауданында қырым қанды безгегінен 15 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Ол кене шағып алғанын байқамаған. Дерті әбден асқынған кезде барып, дәрігерге қаралады. Медицина қызметкерлері барлық ем шараны жүргізгенімен науқасты аман алып қалу мүмін болмады, дейді. Қазір Түркістан облысында кене шағып, қырым қанды безгегін жұқтырған тағы 8 науқас ауруханада ем алып жатыр. Олардан бөлек, тағы 49 адам кесел жұтыруы мүмкін деген күдікпен дәрігерлік тексеруден өтуде. Жалпы Түркістан облысында жыл басынан бері көкала дертінің қоздырғышын тасымалдайтын кенеден зардап шеккен 985 азамат ауруханаға қаралған.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу