Алматы-Қонаев тас жолы бойында 250 мыңдай тұрғынға арналған жаңа заманауи аудандар салынып жатыр.
Соның бірі - спутник қала «Gate City» – тұрғын үй құрылысы мен индустриялық аймағы бар ірі бизнес және қаржы орталығы. Бас жоспар бойынша оның аумағы 2,4 мың гектарды құрайды. Сарапшылардың пікірінше, 2030 жылға қарай Gate City аумағында 90 мыңдай халық тұратын болады. Мұнда барлығы 74 көпқабатты үй, 10 мектеп, 16 балабақша мен 4 емхана бой көтереді. Құрылыс барысымен танысқан Мәжіліс депутаттары спутник қалалардың коммуналдық инфрақұрылымына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Максим Рожин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Халықты сапалы ауыз су мен электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда болуы тиіс. Жылумен жабдықтау нысандарының дайындығы да назардан тыс қалмайды. Бұл жоба болашақта алматылықтардың жайлы өмір сүруіне септігін тигізеді.
Нұрсұлтан Тілектес