Теміртауда тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, тұрғындарды эвакуациялауға тура келген. Қаза тапқандар бар. Тілшіміз Руслан Нұрланұлы баяндайды.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Алдын ала болжам бойынша, өрт балалардың сіріңкемен ойнауынан шығуы мүмкін. Мамандар тілсіз жау ашық оттан шыққанын айтып отыр. 9 қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Жалпы 5 шаршы метр аумақта тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып кеткен.
Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы осы кіреберісте тұратын 8 адамды эвакуациялаған. Оның 3-уі балалар. Құтқарушылар жанған пәтердің ішінен 2 адамның денесін тапті. Оларды жансақтау бөліміне жеткізгенімен, дәрігерлер өмірлеріне араша түсе алмады. 1991 жылғы үй иесі мен оның 2015 жылғы жиені қайтыс болды. Төтенше жағдай қызметі өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады.