Президент «Заңсыз активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Заңсыз активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды

12.07.2023

Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды. Қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурсы бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады. Сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын немесе атқарған субъектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік секторға қатысты. Заң ережелерін қолдану үшін шекті сома – 13 млн. айлық есепті көрсеткіштен асатын активтері болуы тиіс. Уәкілетті орган ретінде Бас прокуратура бекітілген.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу