Үкіметте Маңғыстаудағы апат себептерін тексеру қорытындысы қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте Маңғыстаудағы апат себептерін тексеру қорытындысы қаралды

13.07.2023

Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты мен Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апаттардың себебін тексерудің алдын ала қорытындылары Үкіметте қаралды. Батыс аймақтарда электр желісін күшейту жобасы созылып келеді. Екі аймақтағы стансаларда, бірінші кезекте МАЭК-те апат қаупі жоғары екені анықталып отыр. Жабдықтар әбден тозған. «Karabatan Utility Solutions» серіктестігінің жаңа жылу стансасы жұмысына қатысты сұрақтар да бар. Жалпы бұл апаттарға қатысты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін анықтау жалғасып жатыр. Алдағы уақытта қателіктерді болдырмау үшін бірқатар проблемаларды шешу жоспары әзірленді. Нәтижесінде МАЭК-ті жаңғырту мен Батыс аймағының электр желісін күшейту көзделіп отыр. 


Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу