Ұлыбританияда Ұлттар күні аталып өтті. Мектеп оқушылар сыныптастарына өз мемлекеттері туралы ақпарат беріп, салт-дәстүрлерімен таныстырды.
Шараға ата-анасымен Лондонда уақытша тұрып жатқан қазақ балалары да қатысты.
Кәусар және Алмасбек Қараман Хью-Миддлтон бастауыш мектебінде оқиды. Ағайындылар «Балапан» телеарнасынан шығатын «Мисс Кәусар» хабарының жүргізушілері. Көрермендерге ағылшын тілін үйретеді. Ал Лондонда шетелдіктерге туған жерін насихаттап жүр. Бұл күні олар ұлттық киімдерін киіп, Қазақстан туралы ақпарат берді.
Хелена Мело, Ангола азаматы:
Ұлттық киімдеріңіздің матасы мен ою-өрнегі өте ұнады. Дәстүрлеріңізді тамаша дәріптейді екенсіздер. Мен бұған дейін елдеріңізде ешқашан болған жоқпын. Бірақ Қазақстанның алманың отаны екенін және бұл жеміс түрін бүкіл әлемге таратқан мемлекет екенін білемін.
Марина Бекенова