19 шілдеден бастап «Ұмай» бағдарламасына тағы өтініш қабылдана бастайды. Отбасы банктің хабарлауынша, ипотекалық жоба резервінде 6 млрд теңге қалған. Оның көмегімен тағы 450 әйел баспаналы бола алады. Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында қарыз беру лимиті тоқтатылыпты. Алайда, басқа өңірлерде өтініш қабылдау жалғаса бермек. Ол үшін банк бөлімшесіне жүгіну қажет. Жалпы «Ұмай» арқылы құны 30 млн теңгеге дейінгі баспана сатып алуға болады. Ипотекалық бағдарламаның бастапқы пайыздық мөлшерлемесі 14,4%. Кейін 3,5%-ға дейін төмендейді. Несиені 6 айдан 25 жылға дейін алуға болады. Сондай-ақ, пәтерге жөндеу жүргізу үшін қосымша 3 млн 700 мың теңгеге дейін қарыз алу мүмкіндігі бар. Соңғы екі жылда «Ұмай» арқылы 2 мыңнан астам әйел баспаналы болған.
Айя Мүтәлі