Бүгін Алматы жұртшылығы атақты футболшы Сейілда Байшақовпен қоштасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Алматы жұртшылығы атақты футболшы Сейілда Байшақовпен қоштасты

14.07.2023

Бүгін Алматы жұртшылығы қазақ футболының аңызына айналған Сейілда Байшақовпен қоштасты.

73 жасында бақилық болған футболшымен қоштасуға кезінде бірге доп тепкен командаластары, туған-туыстары, дос-жарандары, бапкерлері мен «Қайрат» футбол клубының тәрбиеленушілері келді. Қаралы жиында марқұмның жақындарына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған көңіл айту хаты оқылды. Сондай-ақ халықаралық УЕФА, ФИФА ұйымдары басшылары да көңіл айту хаттарын жолдаған.

Құралбек Ордабаев, Қазақ футболының ардагері:

Совет одағының ұлттық құрамасына ойнап, қазақтың атын көтерген азамат еді. Қарапайым еді. Кетіп қалатынын біз білмедік. Мейірімді азамат еді. Бүкіл Қазақстан футболының тарихында бізде Сейілда Икрамұлы, Тимур Сегізбаев қалып отыр. Бұл кісілердің еңбектері зор.

Сейілда Байшақов ұзақ жылдар бойы алматылық «Қайрат» футбол клубының капитаны болды. КСРО ұлттық құрамасында ойнады. КСРО және халықаралық спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанды. Спорттық мансабын тәмамдаған соң да ел футболы үшін аянбай еңбек етіп, жас спортшыларды тәрбиеледі.


Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу