Ақтөбе облысында бас маман әкімнің ЭЦҚ кілті арқылы 14 млн теңгені ұрлаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында бас маман әкімнің ЭЦҚ кілті арқылы 14 млн теңгені ұрлаған

15.07.2023

Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметкер бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды. Ол Темір ауданы, Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып еңбек еткен.

Күдіктіде әкімнің атынан қол қою құқығы болған. Яғни, электронды цифрлық қолтаңба арқылы 14 миллион теңгені жымқырған. Ол «Алаяқтық» бабы бойынша айыпталып, 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал ақшаны түгелдей мемлекетке қайтаруға міндеттелді.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу