Коммуналдық тарифтердің өсуі желілердің тозу деңгейін 20 пайызға дейн төмендетуге мүмкіндік береді. 2029 жылға қарай нақты нәтижеге қол жеткізу жоспарланған. Жұмысшылардың жалақысы да өседі. Кешенді іс-шара «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Айта кетейік, осы айдан бастап коммуналдық қызметтер біртіндеп 10-30 пайызға қымбаттап жатыр. Аз қамтылған отбасыларды қолдау тетіктері қарастырылған. Тұрғындар үшін коммуналдық төлемнің бір бөлігін мемлекет төлейді.
Марат Мұстафин, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі, тариф бойынша сарапшы:
Отбасының кірісі 200 мың теңге болса, 10 пайыздан жоғарыласа қалалық бюджеттен жабуға болады. 10 пайызыңыз 20 мың теңге. Оның коммуналдық төлемі 25 мың теңге болса, 5 мың теңгені бюджеттен жабуға болады. Сол мәселені көбірек халыққа түсіндіру керек.
Дарын Сағитов