Елде дизель экспортына шектеу қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде дизель экспортына шектеу қойылды

17.07.2023

Елімізден солярканы көлікпен сыртқа тасымалдауға тыйым салынды. Энергетика министрлігі жариялаған құжатқа сай шектеу тағы жарты жылға ұзартылып отыр. Дизельден бөлек, тағы бірнеше мұнай өнімін экспорттауға болмайды. Бұл жанармай тапшылығының алдын алып, бағаны тұрақтандыру үшін жасалып отыр . Өйткені біздегі баға өзге елдермен салыстырғанда арзан. Сондықтан қымбатқа сату үшін кәсіпкерлер оны сыртқа тасымалдайтыны түсінікті. Бұдан жетіспеушілік тууы мүмкін. Ал шектеу 26 шілдеден бастап күшіне енеді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу