Ғалымдар: Түркияда қуатты зілзала болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар: Түркияда қуатты зілзала болуы мүмкін

18.07.2023

«Түркияның Ыстанбұл қаласы мен Мәрмәр теңізі аймағында 2030 жылға дейінгі аралықта қуатты зілзала болуы мүмкін. Оның магнитудасы 7 балға жетуі ықтимал». Сейсмология профессоры, Ыстанбұл мэриясы жер сілкінісі мәселелері бойынша ғалымдар кеңесінің мүшесі Халюк Эйидоган осылай деп болжам жасады. Оның өзінше, зілзала болу қаупі бар өңірде 25 миллиондай адам тұратын 7 провинция орналасқан. Тағы бір ғалым Наджи Герюр зілзаланың болу ықтималдығы 50 пайыз екенін мәлімдеді. Бұл - осы өңірдегі жерасты дүмпулеріне қатысты екі мың жыл бойғы зерттеулерге негізделген болжам. Геофизикалық және сейсмикалық зерттеулер де есепке алынды.

«Адамдарды қорқыту мақсаты жоқ. Біз тек осындай апатқа халық дайын болуы қажет, ал билік алдын-ала қамдануы тиіс екенін ескертіп отырмыз», - дейді ғалымдар. Түркия билігі болашақта салынатын Ыстанбұл каналы жағалауында «резерв қалаларды» салу жоспарымен бөліскен еді. Мұнда сейсмикалық жағынан қауіпті аудандарды көшіру жоспарланған.    


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу