Елімізде орташа зейнетақы мөлшері 120 мың теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде орташа зейнетақы мөлшері 120 мың теңгеден асты

19.07.2023

Елімізде орташа зейнетақы мөлшері 120 мың теңгеден асты. Оның ішінде 37 836 теңге - базалық төлем. Соңғы 5 жылда бұл төлем еңбек өтіліне қарай есептеліп, әр адамға жеке тағайындалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі базалық төлемді өсіру арқылы алдағы 2 жылда орташа зейнетақы мөлшерін 138 мың теңгеге дейін көбейтпек. Өзгеріс Әлеуметтік кодекс жобасы арқылы жүзеге асады. Жалпы еліміз бойынша бүгінде 2 млн 300 мыңға жуық адам зейнетақы алып отыр. Биыл жарты жылда зейнеткерлерге республикалық бюджеттен 1 трлн 649 млрд теңге төлем аударылған.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу