Қазақстан сүт өнімдерін молынан өндірсе де, нарықты әлі күнге сырттан әкелінетін тауармен толтырып отыр. Әсіресе, соңғы 5 жылда импортқа тәуелділік артқан. Былтырдың өзінде 1 млн тоннадан аса сүт өнімі сатылса, оның 15 пайызы шетелден тасымалданған. Energyprom-ның зерттеуіне сүйенсек, импорттың үлесі бұдан да көп болуы мүмкін. Себебі өзімізде шығарылған өнімнің шикізаты да сырттан әкелінеді. Ал бүгінде отандық өндіріс тек өңделген сұйық сүт пен кілегейді бойынша толық сұранысты қамтып отыр. Ірімшік, сүзбе, май қоры жеткіліксіз. Сарапшылар нарықтағы мәселені шешу үшін алдымен сүт импортын шектеу қажетттігін айтады. Әсіресе, Ресеймен шектесетін өңірлерде көрші елдің сүт өнімдерінің үлесі басым, бағасы да жергілікті бағадан төмен екен.
Айя Мүтәлі