Француз ғалымы Қазақстан жайлы мақала жазды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Француз ғалымы Қазақстан жайлы мақала жазды

20.07.2023

«Қазақстан әлемдік деңгейдегі маңызды басқосулар ұйымдастыру арқылы жаһандық сын-қатерлерді еңсерудің жолдарын табуға септігін тигізуде». Француз ғалымы Оливье Арифон осылай дейді. Бельгиядағы Лилль университетінің профессоры биыл Астана экономикалық форумына қатысып, басқосудан алған әсері жайлы француздың «Телос» интеллектуалды басылымына көлемді мақала жариялаған.

Ғалым зерттеуінде Қазақстанның Қытай, Еуропалық Одақ, басқа да серіктестерімен сыртқы саясатты ұтымды жүргізіп отырғанына тоқталған. Геосаяси ахуалға байланысты «Транскаспий көлік дәлізінің» маңыздылығы артқанын айтады. Профессор болашақта Қазақстан жайлы тағы да зерттеу материалдарын жазуды көздеп отыр.

Оливье Арифон, Лилль католик университетінің профессоры, зерттеуші:

Зерттеуімде Қазақстан дипломатиясына кеңірек тоқталдым. Елдеріңіз ешкімге ұқсамайтын өзіндік жолын іздестіруде. Әлем картасында ойып тұрып орын алған Қазақстан көпшілікке сенімді серіктес ретінде жақсы таныс. Демократиялық дамуға бет бұрған елдеріңізде парламенттің ықпалы күшейгені қуантады. Қазақстан ЕуроОдақпен, Қытаймен арадағы ынтымақты күшейте отырып, барлық серіктестермен тең дәрежеде диалог құрып отыр.


Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу