Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растап отыр. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қажетті жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Дарын Сағитов