Шымкентте 1,5 миллиард теңге автокөлік салығы төленбеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 1,5 миллиард теңге автокөлік салығы төленбеген

20.07.2023

Шымкент қаласында бүгінгі таңда 36 мыңнан астам азамат автокөлік салығын төлемей жалтарып жүр. Салдарынан шаһар қазынасы 1,5 миллиард теңгеге жуық кірістен қағылып отыр. Қордаланған қарыздарды өндіру мақсатында шаһарда арнайы рейдтік тексерістер басталды.

Берешегіне қарамай Шымкент көшелерінде жүйіткіп жүрген автокөліктер осылай жол полицейлерінің құрығына ілігуде. Полиция департаментінің жедел басқарау орталығы салықтан сытылып кеткісі келгендерді ақпараттық база арқылы бірден анықтап беруде. Сондай-ақ «Сергек», «Интегра» және «Қорғау» жүйесі арқылы да айыппұл төлемегендер құрыққа ілініп жатыр. Жалпы Шымкент қаласы бойынша салық департаментінде 300 мыңдай автокөлік тіркелген. Оның 36 мыңы астамы өткен жылғы салығын төлемеген.

Аббасхан Сейдахметов, қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің Бас маманы:

Салық төлеушілерге хабарлама жолданған берешегі бар екендігі туралы. Олар заңға сәйкес 30 жұмыс күні ішінде орындамаса салық бұйрығы қалыптастырылады. Әрі қарай оны да орындамаса салық бұйрығы жеке сот орындаушыларға жолданады. Мәжбүрлеп өндіруге.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу