Аяжан Жуатай, суретші: Ел қатарлы жұмыс істеуді армандаймын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аяжан Жуатай, суретші: Ел қатарлы жұмыс істеуді армандаймын

21.07.2023

Екі қолы еңбекке жарамсыз болса да, қылқаламмен бейнелеу өнерін бағындырған. Жамбыл облысының Қаратау қаласында тұратын 26 жастағы Аяжан Жуатайдың тісімен қаламды тістеп салған портреттері кәсіби суретшілердің туындысынан кем емес. Сондықтан суреттеріне сұраныс артқан. Аяжанға кезінде дәрігерлер дұрыс диагноз қоймаған. Соның салдарынан 4 жыл ақыл-есі кем балаларды оңалту орталығында өмір сүреді. Кейін ата-анасы ол жерден шығарып алған. Қос қолының икемге келмегені шығармашылықпен айналысуына кедергі емес. Аяжан қалалық деңгейде бірнеше рет көрме өткізді.

Аяжан Жуатай, суретші:

Суретпен кейде алданасың да, бір басқа әлемге кірген сияқты болып. Сол осымен жұбанасың, қолдаушым ғой сурет. Арманым сол, жұмыс істегім келеді негізі ел қатарлы. Бірақ алмайды жұмысқа.

Рахат Нұрбек, Қаратау қалалық балалар өнер мектебінің мұғалімі:

Арнайы білімі болмаса да, осы оқып жатқан балалардың деңгейімен бірдей деп айтуға болады. Ол қызымызды біз республикалық, халықаралық байқауларға қатыстырып, осы сурет деңгейін, өзінің кәсіби шеберлігін әрі қарай дамытуға біз өзіміздің үлесімізді қосамыз.


Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу