Екібастұзда көпбалалы 72 отбасы қоныс тойын тойлады.
Тоғыз қабатты, 72 пәтрлік тұрғын үй көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға және балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналып салынған. Соңғы үш жылда шаһарда осындай 14 үй пайдалануға берілді. Әлия Темірқызы төрт баланың анасы. Баспана кезегінде 10 жыл тұрған. Оған үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды.
Әлия Темірқызы, пәтер иесі:
Өте қуаныштымын. Алғысым шексіз. Осы қазақстан бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы іске асуда.
Болат Аманбаев