Ресей астанасы Мәскеуге дрондармен шабуыл жасалды. Елдің Қорғаныс министрлігі қалаға екі пилотсыз аппаратты Украина жіберген деп мәлімдеді. Олардың біреуінің сынықтары қорғаныс министрлігі ғимаратынан 2 шақырым жерде табылды. Екіншісі бизнес орталыққа тиген. Шабуылдан ешкім зардап шекпеген. Украина тарапы бұған қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Арай Төлегенқызы