Жамбылдық тұрғын Орынбасар Көбеев әмбебап трактор құрастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдық тұрғын Орынбасар Көбеев әмбебап трактор құрастырды

24.07.2023

Жамбылдағы Аса ауылының тұрғыны Орынбасар Көбеев әмбебап трактор құрастырды. Салмағы 500 келіден аспайтын шағын техника үй шаруасы үшін таптырмайды. Экскаватордың да жұмысын атқарады, соқа да салады. Жер тырмалап, 200 келі жүкті қиналмай тасиды. Шағын болғанына қарамастан 2 тонна тартатын көлікті де сүйрейді.

Мал асырап, бақша баптаған өнертапқыш бұл техниканы темір қалдықтарынан құрастырған. Бөлшектерін ескі көліктен алыпты. Мұндай идеяның тууына қыстың күні қоражайды тазалаудың қиындығы себеп болған. Орынбасар бұл тракторға «Барыс-86» деп атау берген.

Орынбасар Көбеев, Аса ауылының тұрғыны:

Ескі жигулиім бар еді. Одан шығарып тастаған заттар болған. Ступица, артқы мост. Жигулидің 5 жылдамдықтағы қорабы  жерде тұрған. Базардан сатып алдым осы моторды. Бұл жерде сатып алған заттар мына цилиндрлар. Металломнан барып қарастырып, мынау жарайды екен деп сол жерден жинастырып. 400 мыңның үстінде қаржы кетті.


Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу