Микроқаржы ұйымдарынан несие алып, оны төлей алмай жүргендерге қолдау артады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша мұндай азаматтар келісім-шартты немесе төлем кестесін өзгертіп, оны кейінге шегере алады. Ол үшін микроқаржы ұйымының қосымшасы арқылы өтініш беру қажет. Әрі агенттік жұмыссыздар мен атаулы әлеуметтік көмек алатындар, ауруға шалдыққандар мен бала күтіміндегі адамдардың құқығын кеңейтіп отыр. Десе де үстемақы қосылмайтындай етіп, төлемді шегеру үшін растайтын құжаттар қажет.
Досжан Маратұлы