Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасы басшысына қатысты тергеу аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасы басшысына қатысты тергеу аяқталды

25.07.2023

Жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасы басшысына қатысты тергеу аяқталды. Мұны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агентігі жариялады. Экс-басшы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 млн теңге көлемінде залал келтірген деген күдікпен ұсталған болатын. Іс сотқа жолданды. 


Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу