Қазақстандық оқушы әлемнің үздік математигі атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық оқушы әлемнің үздік математигі атанды

26.07.2023

Қазақстандық оқушы әлемнің үздік математигі атанды. Астаналық Әли Насырбек жыл сайын өтетін Copernicus Olympiad сайысына қатысқан. Жарысқа 23 елден 360 оқушы іріктелді. Қазақстан намысын 51 бала қорғады. Дүбірлі додада топ жарған оқушы болашақта үздік оқу орындарына түскісі келеді.

Әли Насырбек, Copernicus Olympiad жеңімпазы:

АҚШ-та Нью-Йорк қаласында өтті. Біз ол жерде әлемнің ең күшті университетінің бірі Колумбия университетінде болдық. Одан соң Бостонға барып, Гарвард пен МІТ университеттерін көрдік. Олар ең күшті университеттердің бірі. Мен МІТ-ге түсуді армандаймын.


Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу