Астанада жолаушылардың тең жартысы жолақысын төлемейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жолаушылардың тең жартысы жолақысын төлемейді

26.07.2023

Астанада автобус жолаушыларының тең жартысы жолақысын төлемейді. № 1 Автобус паркі басшысының айтуынша, қоғамдық көлікке кеткен шығын бүгінде ақталмай отыр. Ал бұл қаржы кәсіпорындағы мың жарым қызметкердің жалақысына, жанармайға және көліктің қосалқы бөлшектеріне жұмсалады. Ал қалада халық саны жоспардағыдан артып келеді. 400 автобус жетіспей жатыр. Соған қарамастан, бүгінде жолақысын көтеру мәселесі қаралып жатқан жоқ дейді автобус паркінің басшысы.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу