Алматыда жиі су басатын 100-ден аса аумақ бар. Ол жердегі тұрғындар жаңбыр жауып және қар еріген сайын әден әбігерге түседі. Себебі мегаполис көшелеріндегі арықтардан асқан тасқын су көшелерді көлге айналдырады. Жол жиегіндегі бітелген арнадан су тасиды. Президент Алматыдағы арық жүйесінің жұмысын реттеу жөнінде қала әкімдігіне тапсырма берген болатын. Жыл сайын нөсер жаңбырдан кейін Алматы кішігірім Венецияға айналады. Метро станциялары, жерасты өткелдері мен көше айрықтары суға толып кетеді. Ал қала тұрғындары болса арықтар нөсер жаңбырға төтеп бере алмайды дейді.
Қазір қалада 1500 шақырымнан асатын арық жүйесі бар. Олардың 1100-і жұмыс істеп тұрса, қалғандарының тозығы жеткен. Сондай-ақ ұзындығы 100 шақырым болатын жаңа су ағар салу қажеттілігі туындаған.
Есбол Ибрайымов, қалалық экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы:
336 шақырымды біз осы жобамен саламыз. Тағы да қалған 100 шақырымнан аса жаңағы арық жүйесін салуға болашақта жобалаймыз. Өйткені 363-пен шешім қабылдап болғаннан кейін тағы да бізге мүмкіндіктер болуы мүмкін. Су басу мәселелері қайталау. Сол кезде үлкен жобаға қосып жалғастыруымыз мүмкін.
Мамандар қазір мегаполисте жиі су басатын 100-ден аса аумақты анықтаған. Оның 56-сына арық салынып, биыл мамыр айында жұмыс аяқталған.
Қуан Нұрақын, тілші:
Алматыдағы арық суының жартысын жер асты құбырымен бұрып әкететін 16 коллектор бар. Олардың 12-сі толық бітеліп, жұмыс істемей тұрған болатын. Мамандар қазір барлығын қалпына келтірген. Жыл соңына дейін су басу қаупін 80 пайызға дейін азайту жоспарланған.
Қуан Нұрақын