Тайвань аралында «Доксури» дауылы соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайвань аралында «Доксури» дауылы соққы берді

27.07.2023

Тайвань аралында нөсер жаңбыр жауып, теңізде толқын көтерілді. Аймаққа «Доксури» атты жойқын дауыл соққы берді. Сағатына 191 шақырым жылдамдықпен жел соғып тұр. Тасқын жүруі ықтимал. Сол себепті бизнес нысандары мен мектептер жабылды. Ел ішінде әуе және паром қатынасы тоқтады. 100-ден аса халықаралық ұшақтың рейсі кейінге шегерілген. А

ралдың оңтүстігі мен шығысын жалғайтын теміржол қатынасы да тоқтады. 6 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Бұған дейін «Доксури» Филиппин аралдарына соққы берген еді.  


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу